Жаңалықтар
16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне «Желтоқсан – тәуелсіздік тірегі» желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өтті

Кітапхана шаңырығанда 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне «Желтоқсан – тәуелсіздік тірегі» атты желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өтті. Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау үшін ұйымдастырылған кездесу кешіне Жетісу облысының Әділет департаментінің бас маманы Айдархан Ешенов , Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі директордың тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Қайрат Кенжебаев, желтоқсан оқиғасының куәгері Салтанат Кусайнова мен Бақыт Тұрарова қатысты.
Іс-шара барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, бір сәтке өткен күнге оралды.
Тағылымды кеште желтоқсан оқиғасына қатысты әзірленген бейнеролик көрсетіліп, Талдықорған қаласының облыстық №1 мектеп – интернат арнайы кешені КММ - нің 6 сынып оқушылары мен Дәнеш Рақышев атындағы қазақ – мектеп интернатының 7 сынып оқушылары желтоқсан оқиғасы туралы өлең жолдарын оқып, «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты кітап көрмесімен кітапханашы Бектемисова Фатима таныстырды.
Кездесу кешінің соңы Полиция Сержанты Ермек Мукатаевтың «Көк бөрі» және 54380 әскери бөлімінің қатардағы жауынгеры Арлан Балтабековтың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды.