Жаңалықтар

Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім" атты патриоттық сағат өтті

Тәуелсіздік күніне арналған
Уақыты: 13.12.2024
Оқылды: 21

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім" атты патриоттық сағат өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы Айнаш Абейбекова тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы күрес, Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы және Алаш қайраткерлерінің ел болашағы үшін атқарған еңбектері туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, шара аясында көрме ұйымдастырылып, кітапханашы арнайы әдебиеттерді таныстырды. Қатысушылар тәуелсіздіктің тарихи және рухани маңызы жайлы тың мәліметтер алып, көрмеге қойылған шығармалар туралы қысқаша ақпарат алды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика