Жаңалықтар
Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Сұлулыққа іңкәр ақын» атты лирикалық кеш.

18 желтоқсан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Сұлулыққа іңкәр ақын» атты лирикалық кеш өтті.
Шара барысында «Өшпес сәуле» атты жазушының жарқын бейнесінен видеоролик көрсетілсе, «Ғибратты ғұмыр» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмені кітапханашы Фатима Бектемисова таныстырды.
Шараға Барлыбек Сырттанов атындағы №25 орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті мұғалімі Жадыра Колдейбаева ақын Фариза Оңғарсынованың ақындық әлемінен мағлұмат берсе, аталған мектептің дарынды оқушылары әр жанрдағы ақын өлеңдерін оқыды. Оның өлеңдері арқылы күш алып, болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпақ Фариза Оңғарсынованың
шығармашылығы алдында тағзым етеді.