Жаңалықтар

"Мен саған сыр айтамын" атты поэзия сағаты өтті

Уақыты: 20.12.2024
Оқылды: 27

Қазақ ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде "Мен саған сыр айтамын" атты поэзия сағаты өтті. Бұл іс-шара ақынның шығармашылығын дәріптеуге және оның поэзия әлеміндегі ерекше орнын атап өтуге арналды.

         Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов оқырмандарға Фариза Оңғарсынованың жүрекке жақын, өміршең лирикалық туындыларымен таныстырды. Ақынның өлеңдері тыңдалған сайын оқырмандар оның поэзиясының тереңдігі мен шынайылығына таңдана отырып, ерекше шабытқа бөленді. Сонымен қатар, іс-шара барысында кітапхана қабырғасында арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның шығармалары, фотосуреттері, сирек кездесетін кітаптары қойылды.

         Фариза Оңғарсынова – қазақ поэзиясының алтын қорына енген ірі тұлға. Оның шығармалары адамгершілік, махаббат, сұлулық пен рухани байлықты насихаттап, оқырманға терең ой салады. Мұндай шаралар ақын мұрасын құрметтеудің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика