Жаңалықтар

Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жаңа жарыққа шыққан 12 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жаңа жарыққа шыққан 12 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Уақыты: 23.12.2024
Оқылды: 36

23 желтоқсанда Жетісу облысы әкімінің қолдауымен Жетісулық ақын-жазушылардың жанры мен жазылу ерекшелігі әрқилы 12 кітаптың тұсаукесер рәсімі Тіл сарайында өтті.

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетовтың қатысуымен өткен игі шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырды. Тұсаукесер рәсіміне аймақтағы еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар және басқа да танымал тұлғалар қатысты.

Шара барысында Жетісу облысының әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы Есдәулетов пен «Шаңырақ иесі» және «Жетім жүрек» кітаптарының авторы, жазушы Әли Әпекұлы Ысқабай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін және жиналған қаламгерлермен кітаптардың лентасын қиды. Осынау рухани қазыналардың тұсаукер салтанатында «Бай – қуатты болайық!» кітабының құрастырушысы Қарлығаш Табулдинова, ақын «Таңғы самал» кітабының авторы Гүлнәр Демеуова және «Өмір мектебі» кітабының авторы Сәбит Молдаханов сөз алып, рухани шараға ақжарма лебіздерін және облыс басшысына рақметтерін білдірді.

Шара соңы Дәнеш Рақышев атындағы филормонияның «Күреңбел» триосы орындауында «Таңғы самал» кітабының авторы Гүлнәр Демеуованың сөзіне жазылған «Тәуелсіздік айбарым» аты әнімен аяқталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика