Жаңалықтар
«Алаштың алып тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 25 желтоқсан күні Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай «Алаштың алып тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мұстафа Шоқай - патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Түркістанда құрылған Мұсылман орталығының тұңғыш басшысы. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ.
Шара барысында оқушыларға Мұстафа Шоқай туралы ақпарат берілді. Оқушылар арасында сұрақ-жауап қойылып, «Дәуір даналары.Мұстафа Шоқай» атты деректі фильм көрсетілді.
Дөңгелек үстелге №4 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Орманбеков Еламан Серікұлы мен 9 сынып оқушылары қатысты.