Жаңалықтар
«Өлең – өнер пернесі» атты әдеби танымдық сағат өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Мырза-Әлі Қадыр, Қазақстанның халық жазушысының туғанына 90 жыл толуына орай «Өлең – өнер пернесі» атты әдеби танымдық сағат өтті.
Бұл іс-шара Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиет зерттеушісі Мырза-Әлі Қадырдың шығармашылығына арналды. Ақынның әдеби мұрасы, оның поэзиясындағы терең ой мен ұлттың рухани байлығын дәріптеудегі рөлі туралы сөз қозғалды.
Қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, оның еңбектерінен үзінділер оқылды. Шараның мақсаты — зағип және нашар көретін азаматтар үшін әдебиет әлемін ашып, олардың мәдени дамуына ықпал ету.
Іс-шараға қатысушылар әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, ақынның шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің баға жетпес мұрасымен танысты. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда Мырза-Әлі Қадыраның шығармалары мен оның әдеби мұрасы туралы басқа да материалдар ұсынылды.