Жаңалықтар
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлы тұлғаның өнердегі орны» атты ақпараттық сағат.

14 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлы тұлғаның өнердегі орны» атты ақпараттық сағат өтті.
Болашақ өнер қайраткерінің бала кездегі арманы тек оқу болды. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа – тұс келуі, тағдыр ол кісіні ерте есейтті. 1950 жылы Алматыдағы өнер институтына түсіп, еңбек жолы сол оқу ордасынан бастау алған өнер қайраткері зиялы қауымдардың ортасында шыңдалып тұлға болып қалыптасты.
Шара барысында өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің өмір өткелдеріндегі еліне, халқына қалтқысыз адал еңбегімен еленуі, зияткерлігі жайлы «Тау тұлғалы қайраткер» атты баяндама арқылы оқырмандарға толық ақпарат берілді. Қайраткер қандай жетістікке жетсе де халқын өзінен жоғары қоя білді. Ол кісінің нағыз кемелденген шағы 1970-1980 жылдардағы атқарған мәдениет министрі болып қызмет атқарған кезеңдер болды. Осы жылдарда халықтың игілігіне атқарған игі істері тарих беттерінен орын алды.
Шараға №4 орта мектебінің 8 сынып оқушылары мен жетекші ұстаз Жазира Базарбаевна қатысты.