Жаңалықтар

Кедергісіз болашақ аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті

Кедергісіз болашақ аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті
Уақыты: 15.01.2025
Оқылды: 15

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті.

Сабақ барысында Арнайы экрандық және дауыстық қосымша «Jaws for windows» және Брайль дисплейі туралы ақпарат берілді. Қатысушы Смагулова Шырынгуль компьютерде файл ашу, сақтау, редакциялау сияқты арнайы командаларды қолдануды үйренді.Сондай-ақ өзі мәтін теріп, оны дауыстық қосымша  арқылы тексерді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика