Жаңалықтар

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы» атты әдеби кеш өтті

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы» атты әдеби кеш өтті
Уақыты: 17.01.2025
Оқылды: 38

17 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы» әдеби кеші өтті.

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп жырлаған белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін.

Шара барысы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, кітапханашы Фатима Бектемисова «Қазақтың дана - Қадыры» атты кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Сондай – ақ Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің оқушылары Қадыр Мырза Әлі өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.

Әдеби кешке Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясының 8 – сынып оқушылары қатысып, Қадыр Мырза Әлінің туындыларына қанық болып, терең ой түйіп қайтты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика