Жаңалықтар
«Қазақтың қайсар ханы – Қасым хан» атты тарихи сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі, Қасым ханның 580 жылдығына орай «Қазақтың қайсар ханы – Қасым хан» атты тарихи сағаты өтті.
Қасым хан – Қазақ хандығының ханы , Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халық арасында ерекше әйгілі болды.
Шара барысында оқушыларға Қасым хан туралы кітап көрмесі таныстырылып, «Қасым хан – Ұлы дала падишахы» атты деректі фильм көрсетілді. Талдықорған инновация колледжінің тарих пәні мұғалімі Жүнісов Мәжікен Адамұлы «Қасым ханның қазақ тарихындағы рөлі» атты баяндама оқылды.
Шараға №4 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Азимжанова Баян және 8 сынып оқушылары қатысты.