Жаңалықтар
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат туралы баяндап, оның негізгі қағидаттары мен жүзеге асырылып жатқан шаралар жайлы кеңінен әңгімеледі. Ол жемқорлықтың қоғамдағы орны мен оған қарсы күресудің маңыздылығын нақты мысалдармен түсіндіріп, қатысушылардың назарын аудартты.
Кездесуде оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, жемқорлыққа байланысты сұрақтар қойып, пікірталасқа белсене қатысты. Сонымен қатар, кітапхана ұжымы азаматтардың құқықтық білімін арттыру мақсатында қолжетімді әдебиеттер мен ақпараттық материалдарды таныстырды. Шара барысында әдістемелік құралдар мен арнайы басылымдар ұсынылып, оларды пайдалану жолдары түсіндірілді.
Ақпараттық сағаттың қорытындысында адалдық пен парасаттылықты дәріптейтін құндылықтарды насихаттау арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.