Жаңалықтар
Ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинға 85 жыл толуына орай «Тарихи тұлғаға тағзым» атты танымдық сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинға 85 жыл толуына орай «Тарихи тұлғаға тағзым» атты танымдық сағаты өтті.
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981–1983 жылдары жарық көрді. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тапты.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты бейнеролик көрсетіліп, «Әдебиеттің алтын тұяғы» атты кітаптарына библиографиялық шолу жасалды. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, білім саласының үздігі, ардагер мұғалім Әуелбекова Ғалия Бірімқұлқызы сөз сөйлеп, ал №10 орта мектептің 8 сынып оқушысы Шарипова Мадина ән шырқады.
Шараға Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясының 7 – сынып оқушылары қатысып, шарадан жақсы әсер алғанын жеткізіп, қуаныш сезімімен тарқасты.