Жаңалықтар
Ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Мұрағаты мығым - Жұматай» атты еске алу кеші өтті

28 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Мұрағаты мығым - Жұматай» атты еске алу кеші өтті.
Жұматай Жақыпбаев - Алаш жұрты үкілеген бір шоғыр ақындардың бірегейі. Төрт құбыланы түгел жырлап, өзі тіршілік еткен заман мен уақыттың қамшы салдырмас тамыршысы бола білді. Ардың сөзін, ақиқаттың өзін айтты. Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанрының қарыштап дамып, өсуіне үлес қосқан ақын.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Сөз зергері» атты бейнеролик көрсетіліп, кітапханашы Бақытгүл Касенова «Жыр арқауы –Жұматай» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Шараға Жетісу облысы жазушылар одағының төрағасы Жангелді Немеребай, ақын Қалқаман Абдірахманұлы қатысып ақынның шығармашылық жолынан сыр шертті. Сондай – ақ Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Бақ жұлдыз» продюсерлік жобаның мүшесі Аяна Тлеуберлина авторлық «Құт мекен» әнін тарту етті.
Еске алу кешіне қаламыздың Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп оқушылары мен №2 орта мектептің 8 – сынып оқушылары қатысты.