Жаңалықтар
Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай «Халық қаһарманы – халық жазушысы» атты кітап көрмесі

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай «Халық қаһарманы – халық жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар қойылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды.
Шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан қатысушыларға Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның тарихи романдарының мән-маңызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол зағип және нашар көретін оқырмандар үшін арнайы Sara-se сканерлеп және дауыстап оқитын машинкасының көмегімен жазушының шығармаларын тыңдау мүмкіндігі бар екенін түсіндірді. Оқырмандарға бұл құрылғыны қолдану тәртібі көрсетіліп, әдеби мұраны қолжетімді форматта игерудің маңыздылығы атап өтілді.