Жаңалықтар

15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты апталық кітап көрмесі бастау алды

15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты апталық кітап көрмесі бастау алды
Уақыты: 11.02.2025
Оқылды: 22

10 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 15  ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ауған соғысы - 1979 - 1989 жылдар арасында созылған КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды.Он жылға созылған Ауған соғысында 620 мыңға жуық Кеңес әскерлері қатысты, оның ішінде Қазақстаннан Ауған соғысына 22269 жауынгер қатысты.

15 ақпан - Ауғанстан ардагерлерінің мерекесі, қаза болған жауынгер-интернационалистерді еске алу күні. Қазақ әскерлері батылдықпен күресіп, соғыста ержүректілік танытты. Батылдық көрсеткені үшін 86 сарбазға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстанның көптеген қалаларында Ауған соғысында қаза болғандарға арнап мемориалдық кешендер орнатылды.

Оқырмандарға «Ер есімі – ел есінде»  кітап көрмесі таныстырылып, кітапханашы Фатима Бектемисова  Ауған соғысы жайлы баяндады.

Шараға Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясының 8 сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика