Жаңалықтар
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Адамның атын еңбегі шығарады» атты ақпараттық дайджест

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Адамның атын еңбегі шығарады» атты ақпараттық дайджест өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды ақпарат беріп, жазушының әдеби мұрасын қамтитын кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеде Мұхтар Мағауиннің қазақ әдебиеті мен тарихына қосқан зор үлесін көрсететін шығармалары қойылды.
Сонымен қатар, кітапхананың тұрақты оқырманы, ақын, жазушы Гүлнара Тұрсынбайқызы сөз сөйлеп, Мұхтар Мағауиннің шығармашылығының қазақ руханиятындағы маңыздылығына тоқталды. Ол жазушының ұлт тарихын зерттеудегі рөлін, оның қазақ әдебиетіне әкелген жаңашылдығын ерекше атап өтіп, қаламгердің еңбектерінің келешек ұрпақ үшін баға жетпес құндылық екенін жеткізді.
Бұл кездесу Мұхтар Мағауин мұрасының мәңгілік екендігін тағы бір дәлелдеп, оқырмандарға рухани азық болды.