Жаңалықтар

15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Уақыты: 11.02.2025
Оқылды: 16

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Жыл сайын Ауған шекарасында жүріп қыршыннан қиылған боздақтарды еске алып, көзі тірі интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету шарасы кітапханамызда дәстүрге айналған.

Осы еске алу күні қарсаңында кітапханамызда «Ер есімі – ел есінде»  кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды.

Арнайы жасақталған көрмеден орын алған Ауғанстан мемлекеті, соғыстың басталуы, кеңес әскерлерінің әскери әрекеттері, Ауғанстан жолдарынан өткен жас сарбаздардың ерлігіктері туралы және интернационалист жауынгерлердің жеке естеліктері жайлы баяндайтын кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалаларға библиографиялық шолу жасалды.

Көрмеге қойылған Леонид Теплинскийдің «История советско-афганских отношений 1919-1987», «Правда об Афганистане», Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ, қара майордың мұсылман батальоны. Второй мусульманский»,  Александр Барттың «О павших в Афганистане», Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы» т.б. кітаптары шараға қатысқан №4 орта мектептің оқушылары мен жетекшісінің және кітапхананың тұрақты оқырмандарының қызығушылығын тудырды.

Көрме 15 ақпанға дейін оқырмандар назарына ұсынылады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика