Жаңалықтар
15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл «Ер есімі – ел есінде» апталық кітап көрмесі жалғасуда

12 ақпан күні кітапханада 15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» апталық кітап көрмесі жалғасуда.
Көрменің мақсаты - жастардың бойына отансүйгіштік, батылдық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, адалдық пен толеранттылық орнату. Ауған соғысы ардагерлеріне деген құрмет қалыптастыру және олардың әрекеттерін болашақ ұрпақтың жадында сақтау.
Көрмеге қойылған Леонид Теплинскийдің «История советско-афганских отношений 1919-1987», «Правда об Афганистане», Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ, қара майордың мұсылман батальоны. Второй мусульманский», Александр Барттың «О павших в Афганистане», Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы» т.б. кітаптары шараға қатысқан Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің оқушылары мен жетекшісінің және кітапхананың тұрақты оқырмандарының қызығушылығын тудырды.
Көрме 15 ақпанға дейін оқырмандар назарына ұсынылады.