Жаңалықтар

«Терроризм — біздің жауымыз, біз бірге жеңеміз!» ақпарат сағаты өтті

«Терроризм — біздің жауымыз, біз бірге жеңеміз!» ақпарат сағаты өтті
Уақыты: 14.02.2025
Оқылды: 20

Кітапхананың  ұйымдастыруымен  «Терроризм — біздің жауымыз, біз бірге жеңеміз!» атты ақпарт сағаты өтті.

            Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады.

            Терроризмнің көздеген мақсаты – қоғам қауіпсіздігін тәрк ету. Яғни, адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтіру. Сондықтан да мұны көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Аталған қылмыстың обьективтік жағы – өрт қою, адамдар көп шоғырланған жерлерде жарылыс жасау, қоғамға қауіпті өзге де іс-әрекеттерге бар. Ал, субьективті жағын алар болсақ, терроризм тек қана тікелей қасақана ниетпен жасалады.

            Осыған орай, кітапханада №4 орта мектептің 7 сынып оқушыларына терроризмге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика