Жаңалықтар
Брайль әліпбиін үйрену және грифильдің көмегімен жазу дағдыларын дамытуы бойынша сабақ

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында арнайы тақтайшаның көмегімен Брайль әліпбиін үйрену және грифильдің көмегімен жазу дағдыларын дамыту бойынша сабақ өткізілді. Сабақты бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар жүргізді.
Сабақ барысында қатысушы Искаков Қанатхан Брайль әліпбиінің негізгі принциптерімен танысып, арнайы тактильді тақтайша арқылы әріптерді оқып, қолмен жазу тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар, грифель мен арнайы қағазды пайдалана отырып, өз бетінше мәтін жазу дағдыларын жетілдірді. Бұл сабақ зағип және нашар көретін азаматтардың коммуникативтік мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың тәуелсіздігін арттыруға және қоғамға бейімделуіне бағытталады.