Жаңалықтар

«Жемқорлық індет, жою міндет» атты ақпараттық сағаты өтті.

«Жемқорлық індет, жою міндет» атты ақпараттық сағаты өтті.
Уақыты: 18.02.2025
Оқылды: 11

18 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Жемқорлық індет, жою міндет» атты ақпарат сағаты өтті.

Шара барысында кітапханашы Дулыханова Жанар «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кітап көрмесімен таныстырып, «Сыбайлас жемқорлық қоғамға жат дерт» атты бейнеролик көрсетілді.

Жалпы жемқорлықтың қоғамға зияны туралы, оның   пайда болу жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығына тоқталып, күнделікті өмірдегі кездейсоқтық оқиғаларда тығырықтан шығу жолдарын мысалға келтіре отырып, сұрақ - жауап арқылы оқырмандармен ой бөлісті.

Шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қоғамның әрбір мүшесінің міндеті ретінде көрсету, сондай-ақ жастар арасында осы мәселенің маңыздылығын түсіндіру болды. Шараға Талдықорған политехникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика