Жаңалықтар
Орта ғасырдағы қазақ ғалымы, тұңғыш тарихшы, белгілі би Қадырғали Жалаиридің 495 жылдығына орай «Қазақтың ғұлама тарихшысы» атты тарихи сағат өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қадырғали Жалаиридің 495 жылдығына орай «Қазақтың ғұлама тарихшысы» атты тарихи сағат өтті.
Шара барысында «Тарихи тұлғалар. Қадырғали Жалаири» атты бейнеролик көрсетіліп, «Қадырғали Жалаири – тарихи тұлға» атты кітап көрмесімен кітапханашы Тұрсынханова Ажар библиографияық шолу жүргізді.
Қадырғали Жалаири — қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын, ғылыми мұрасы мен шығармашылық еңбегі арқылы ұрпаққа өнеге қалдырған тарихи тұлға. Оның еңбектері бүгінгі күні де үлкен маңызға ие. Жалаири тарихы қазақ халқының ұлы өткенін түсінуге жол ашып, халықтың мәдениетіне, дәстүріне деген құрметті арттырады.
Шараға Талдықорған қаласының тұрғыны қазыналы қария, тарихшы, өлкетанушы Қадырғали Жалаириды зерттеуші Құлтай Нұрқалбайұлы «Қадырғали би Жалаири – қазақ тарихының Геродоты» атты баяндама оқып, өзінің Қадырғали Жалаири туралы жазған кітаптарын оқушыларға сыйға тартты. Сонымен қатар, Талдықорған Инновация колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Жүнісов Мәжікен Адамұлы, Ақсу ауданының «Бөрібай батыр» қорының төрағасы Қасымов Берікбол Төлегенұлы және №1 Абай атындағы орта-мектеп гимназиясының 8-ші сынып оқушылары мен сынып жетекшісі қатысып, пайдалы мәліметтер алды.