Жаңалықтар
Қадырғали Жалайыридың 495 жылдығына арналған «Жалайыри – қазақтың ғалымы» атты дөңгелек үстел.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың арнайы бөлімінде қазақтың орта ғасырда ғұмыр кешкен дарабоз ғалымы, ұлтын ұйыстырған әділ биі Қадырғали Жалайыридың 495 жылдығына арналған «Жалайыри – қазақтың ғалымы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы Абейбекова Айнаш ғұлама ғалымның өмір жолына тоқталып, оның ұлт тарихындағы орнын ерекше атап өтті. Ол Қадырғали Жалайыридың XVI-XVII ғасырларда өмір сүріп, қазақ тарихының терең қатпарларын шежіреге айналдырған ірі тұлға екенін жеткізді.
Шараға қатысушылар Қадырғали Жалайыридың тарихи мұралары мен еңбектерінің маңыздылығына кеңінен тоқталып, оның асыл мұралары жайлы пікір алмасты. Сондай-ақ, оқырмандар қазақ даласының данагөй шежірешісі өз еңбегінде Қазақ хандығы мен көрші елдердің өткені мен өркендеу кезеңдерін байыпты баян етіп, «Жамиғат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») арқылы ұрпаққа құнды дерек қалдырғанын, бұл еңбек – қазақ халқының баға жетпес рухани қазынасының бірі екенін білді.
Шара аясында Қадырғали Жалайыридың өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы кітаптарымен танысытырып, оқырмандарға тың деректер ұсынды.