Жаңалықтар

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс» атты кездесу кеші

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс» атты кездесу кеші
Уақыты: 03.03.2025
Оқылды: 14

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім мен Зағиптар клубының бірлесуімен «Шын жүректен алғыс» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шара Зағиптар клубының қабырғасында өтті.

Кештің басты мақсаты – қоғамдағы алғыс айту мәдениетін дамыту, бір-біріне деген құрмет пен сыйластықты арттыру болды.

Шара барысында клуб мүшелері мен кітапхана оқырмандары өз алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.Әр түрлі ұлт өкілдері өмірлерінде кездескен игі жандар туралы естеліктерімен бөлісіп, өзара ризашылықтарын білдірді. Қатысушылар бірліктің, татулықтың және қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу жылы әрі шынайы әңгімеге толы болды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, осындай тағылымды іс-шаралардың жиі өткізіліп тұратынына сенім білдірді. Бұл кеш әр адамның жүрегінде мейірімділік пен ризашылықтың маңызын ұғынуға себеп болды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика