Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім оқырмандарына үйге қызмет көрсету жұмыстары

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқырмандарға үйге қызмет көрсету жұмыстары жалғасуда. Осы акция шеңберінде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің қызметкерлері 1-топ көз мүгедегі Касейнова Күлшаридың тапсырысы бойынша арнайы брайл қарпінде және аудионұсқада жазылған кітаптарды жеткізді.
Оқырманға брайл қарпінде жазылған Тәкен Әлімқұловтың «Тұлпарлар тағдыры», Сәрсенбай Оразбектің «Жиде гүлдегенде» кітаптары, сондай-ақ аудионұсқада Мырзахмет Алмаздың «Ханшайым», Нұрғали Ораздың «Сиқырлы қол», Дархан Бейсенбекұлының «Жалғыз жұлдыздың жарығы» атты шығармалары ұсынылды.
Алдағы уақытта да оқырмандардың сұранысы бойынша кітаптарды жеткізу қызметі жалғасады. Бұл қызмет ерекше қажеттіліктері бар жандарға әдеби шығармаларды қолжетімді етіп, олардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.