Жаңалықтар

«ІІІ Республикалық Шәкәрім оқулары»байқауының облыстық іріктеу кезеңі онлайн түрде өтті.

«ІІІ Республикалық Шәкәрім оқулары»байқауының облыстық іріктеу кезеңі онлайн түрде өтті.
Уақыты: 12.03.2025
Оқылды: 12

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында «ІІІ Республикалық Шәкәрім оқулары»байқауының облыстық іріктеу кезеңі онлайн түрде өтті.

Үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға 8 өтінім қабылданып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталатын бірінші кезеңде байқау ережесіне сай ақынның 20 өлеңін жатқа айту берілген болатын. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 3 қатысушы екінші «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңіне өтіп, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға электронды ұяшықтар көмегімен жауап берді.

Байқауға Баймендинова Мадина Сексембаевна - С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директорның орынбасары; Ешенова Ғалия Самигуловна - ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі; Жанибекова Аруна Бауыржанқызы - негізгі қорды сақтау бөлімінің меңгерушісі; Есқалиева Диана Кайратовна - кітапханалардың дамуы және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі; Шегенова Гүлнар Қаһармановна - негізгі қорды сақтау бөлімінің кітапханашысы әділ қазылық етті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша;

1 орынды – Қасен Іңкәр (Талдықорған қаласы)

2 орынды – Мұратов Нұрбол (Талдықорған қаласы)

3 орынды – Елубай Анель (Алакөл ауданы) ие болды.

Бірінші орын иегері Қасен Іңкәр 27 наурыз күні Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырумен өтетін «ІІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» байқауында өңір намысын қорғайтын болады.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика