Жаңалықтар

«Адал еңбек - жарқын болашақтың негізі» кездесу кеші өтті

«Адал еңбек - жарқын болашақтың негізі» кездесу кеші өтті
Уақыты: 13.03.2025
Оқылды: 13

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған «Адал еңбек - жарқын болашақтың негізі» атты кездесу кеші өтті.

Жұмысшы мамандар – бұл өндірісте, құрылыс саласында, көлік және байланыс салаларында, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету салаларында және тағы басқа көптеген бағыттарда еңбек ететін білікті адамдар.

Кездесу кешіне Алматы облысының құрметті азаматы, Ескелді ауданының құрметті азаматы, Нұрмолда Алдабергеновтың шәкірті - Шайбала Тергеуова Әмірисақызы; Көксу ауданының құрметті азаматы - Бердібек Нүсіпов; еңбек,тыл ардагері - Сүгіров Айтмолда құрметті қонақ ретінде қатысты.

Шара «ҚР Президентінің Қазақстан халқы жолдауынан» бейнероликпен басталып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты кітап көрмесімен жалғасты. Кеш қонақтары сөз сөйлеп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Еңбек ардагері Сүгіров Айтмолда ақ ниетті батасын беріп, жастарға ашық жол тіледі.

Кездесу кешінің соңында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбеков ән-шашуын тарту етті.

Шараға Авиценна медициналық колледжі мен Білім инновациялық колледж студенттері қатысып, терең ой түйіп қайтты.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика