Жаңалықтар

Қазақстанның халық әртісі, режиссер Қанабек Байсейітовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Өнер қонған дарын иесі» әдеби-әуезді кеші өтті

Қазақстанның халық әртісі, режиссер Қанабек Байсейітовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Өнер қонған дарын иесі» әдеби-әуезді кеші өтті
Уақыты: 14.03.2025
Оқылды: 13

14 наурыз күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, режиссер Қанабек Байсейітовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Өнер қонған дарын иесі» атты әдеби-әуезді кеші өтті.

Қанабек Байсейітов — әнші-актер, режиссер, драматург, қазақ музыка театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол Қазақ опера және балет театрының алғашқы режисерлерінің бірі ретінде «Абай», «Қыз Жібек», «Қамар сұлу», «Дударай», «Даиси», «Евгений Онегин», «Князь Игорь» операларын сахнаға шығарды.

Драматургия саласында да жемісті еңбек етіп, «Беу, қыздар-ай», «Ой, жігіттер-ай» комедияларының, «Достық жолымен» балетінің және «Айсұлу», «Алтын таулар» атты опералардың либреттоларын (Қ. Шаңғытбаевпен бірге) жазды.

Шара барысы оқырмандарға Қанабек Байсейітовтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Қанабек Байсейітов және қазақ театры» атты бейнеролик көрсетіліп, кітаптарына библиографиялық шолу жасалды. Қаламыздың Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері Бекжан Қажуатұлы «Қорлан», Әлинұр Бекжанұлы «Жонып алды. Ақан Сері» әнін орындап көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлады.

Шараға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің 2 курс студенттері жетекшісімен бірге қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика