Жаңалықтар

«Заң – тәртіп пен әділдіктің негізі» атты дөңгелек үстел

«Заң – тәртіп пен әділдіктің негізі» атты дөңгелек үстел
Уақыты: 18.03.2025
Оқылды: 11

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері Нәрікбаев Мақсұт Нәрікбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Заң – тәртіп пен әділдіктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара  барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы Нәрікбаев Мақсұттың өмірбаянымен, еңбек жолымен таныстырып, оның Қазақстандағы құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы баяндады. Ол заң саласында жасаған реформалары мен әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған еңбектерімен ерекшеленді.

Сонымен қатар, оқырмандар үшін арнайы заңға байланысты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне, заңнамаларына, конституциялық реформаларына арналған әдебиеттер, сондай-ақ Мақсұт Нәрікбаевтың ғылыми еңбектері, құқықтық тақырыптағы кітаптары ұсынылды. Бұл көрме қатысушыларға заң саласындағы маңызды ақпараттарды тереңірек білуге мүмкіндік берді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика