Жаңалықтар

«Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат

«Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат
Уақыты: 27.03.2025
Оқылды: 8

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат өтті.

Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы оқырмандарға театр өнерінің қалыптасу тарихы, оның қоғамдағы маңызы және қазақ театрының даму жолдары туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. Театр өнерінің мәдениетке қосқан үлесі мен оның адам санасына тигізер әсері жайлы қызықты деректер келтірілді.

Оқырмандар назарына театр өнеріне арналған арнайы кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге әлемдік және қазақ драматургиясының үздік туындылары, театр тарихы туралы құнды еңбектер, атақты режиссерлер мен актерлер жайлы кітаптар қойылды. Көрмемен танысқан оқырмандар театр әлеміне қатысты жаңа мәліметтер алып, осы өнердің сиқырлы әлеміне терең бойлады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика