Жаңалықтар

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты ақпараттық сағат өтті.

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты ақпараттық сағат өтті.
Уақыты: 01.04.2025
Оқылды: 13

1 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында көрнекті қазақ сазгері, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты ақпараттық сағат өтті.

Шара барысында қонақтарға ұлы тұлғаның ғұмыры жайлы толығырақ ақпаратпен танысу үшін «Ғасыр сазын тербеген» атты кітап көрмесі мен Нұрғиса Тілендиевтің қалыптастырған дара жолы жайлы бейнеролик ұсынылды. Шарада Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінің «Домбыра» сыныбының оқытушылары Республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Свурбаева Асем Илмуратовна мен ұлағатты ұстаз Базарбаева Ғаниса Ахметжановна ұлы тұлғаның өмірі мен өнеріне тоқталып, ұлы тұлғаның жалпы өнері мен өмір жолдарынан сыр шертіп, композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» және «Ата толғауы» күйлерін тарту етті.

Шараға Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Свурбаева Асем Илмуратовна және Базарбаева Ғаниса Ахметжановна және №4 орта мектеп оқушылары мен жетекшісі қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика