Жаңалықтар

«Дені саудың – жаны сау» үстел үсті ойындары өткізілді

«Дені саудың – жаны сау» үстел үсті ойындары өткізілді
Уақыты: 04.04.2025
Оқылды: 10

7 сәуір – Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде оқырмандар арасында «Дені саудың – жаны сау» атты тақырыпта үстел үсті ойындары ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың ойлау қабілетін дамыту және олардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік беру. Қатысушылар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарында жарысып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, логикалық тапсырмалар мен қызықты викториналар ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін шыңдады.

Іс-шара достық және көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Қатысушылар өзара жылы лебіздерін білдіріп, осындай басқосулардың жиі ұйымдастырылуын қолдады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика