Жаңалықтар

«Ғылым – ғажайып әлем» атты танымдық сағат

«Ғылым – ғажайып әлем» атты танымдық сағат
Уақыты: 10.04.2025
Оқылды: 6

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Іс-шараны бөлім меңгерушісі Гаухар Скабаевна өткізіп, қатысушыларға отандық ғылымның дамуы, қазақстандық ғалымдардың жетістіктері мен ғылымның қоғамдағы маңызы туралы мазмұнды ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар, елімізге еңбегі сіңген белгілі ғалымдардың өмір жолы мен ғылыми жаңалықтары жайлы қызықты деректермен бөлісті.

Шара танымды, әсерлі өтіп, тыңдаушылар тарапынан ерекше қызығушылық пен белсенділік байқалды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика