Жаңалықтар

«Абақтың тарихи шежіресі» тұлғатану сағаты

«Абақтың тарихи шежіресі» тұлғатану сағаты
Уақыты: 29.04.2025
Оқылды: 28

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Жетісу өңірінің көрнекті тұлғаларының бірі – атақты би Сайымбелекұлы Абақтың туғанына 235 жыл толуына орай «Абақтың тарихи шежіресі» атты тұлғатану сағаты өткізілді.

Тұлғатану сағатын бөлім меңгерушісі Гаухар Скабаевна өткізді. Ол Абақ бидің өмір жолы, ел ішіндегі беделі, билік айтқандағы даналығы мен шешендік өнері туралы тың деректерді оқырмандарға баяндап берді. Сонымен қатар, оның ұрпақтарына қалдырған рухани мұрасы мен ел ішіндегі орны жайлы кеңінен мәлімет ұсынылды.

Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Қатысушылар Абақ би туралы бұрын-соңды естімеген деректермен танысып, өз ойларымен бөлісті. Шара мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика