Жаңалықтар

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнне орай «Бейбітшілік ел тілегі» атты кездесу кеші өтті

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнне орай «Бейбітшілік ел тілегі» атты кездесу кеші өтті
Уақыты: 29.04.2025
Оқылды: 35

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бейбітшілік ел тілегі» атты мерекелік кеші өтті.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясында: «Бірлік пен бейбітшілік-біздің негізгі құндылықтарымыздың бірі. Бұл біз болашақта да ұстанатын мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасы» деп атап өтті. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын айта кету керек.

Шараның шымылдығын кітапхана директорының орынбасары Мадина Баймендинова ашып, барша жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналғанын айта кетті.

Мерекелік шарада сөз алған «Полония» Талдықорған өңірлік поляк мәдени-ағарту қоғамының басшысы Елена Порсева, Жетісу облысының «ЭЛЛАДА» грек бірлестігінің басшысы Оксана Путахиди, «Туған ел» татар мәдениеті орталығының басшысы Эльмира Файзулина және «Нахичиван» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Фахреддин Магеррамов жүрекжарды тілектерін білдіріп, татулық пен бірлікке шақырды.

Шара барысында оқырмандар назарына кітапханашы Айым Жұмабекова «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді.

Мереке аясында жиналған қауымға Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншілері Құралай Шаяхметованың «Жер сұлуы Жетісу», Нұржан Ахметбектің «Виноградные косточки» және №12 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Димаш Есетай «Мен еліммен мақтанамын» және Жібек Саинның «Қазақстан», «Бақ Жұлдыз» медиа орталығының қатысушысы Әділбек Абай «Отырардағы той» және Жетісу облысының Күзет басқармасының полиция сержанты Айдана Амантай «Туған жер» әндері шырқалып, №25 Барлыбек Сырттанұлы атындағы орта мектеп оқушылары «Қара жорға» биін билеп мерекелік шараға тамаша көңіл күй сыйлады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика