Жаңалықтар
Мырзахметұлы Мекемтастың туғанына 95 жыл толуына орай «Абайтанушы – Мекемтас Мырзахметұлы» атты тарихи сағат

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі Қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор Мырзахметұлы Мекемтастың туғанына 95 жыл толуына орай «Абайтанушы – Мекемтас Мырзахметұлы» атты тарихи сағат өткізді.
Шара барысында Мекемтас Мырзахметұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндама оқылды. Онда ғалымның «Абай және Шығыс», «Абай философиясы», «Қазақ қалай орыстандырылды», «Абай және ұлттық рух» сияқты еңбектері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, Абай мұрасын зерттеудегі ғылыми көзқарастары мен ұлттық идеяны қалыптастыру жолындағы еңбектері де қамтылды.
Шараға үстел үстінде ойналатын ойындармен айналысатын зағип спортшылар қатысты. Қатысушылар Мекемтас Мырзахметұлы туралы тың ақпараттар алып, ғалымның Абай шығармашылығын терең зерттеудегі орны туралы мағлұматпен танысты. Іс-шара танымдық бағытта өтті. Соңында қатысушыларға алғыс білдірілді.