Жаңалықтар

Журналист, жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллиннің 70 жасқа толуына орай «Қалам – тағдыр, шындық – мұрат» атты кездесу кеші өтті.

Журналист, жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллиннің 70 жасқа толуына орай «Қалам – тағдыр, шындық – мұрат» атты кездесу кеші өтті.
Уақыты: 20.05.2025
Оқылды: 19

20 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл» оқу әдістемелік орталығында журналист, жазушы, пусблицист, аудармашы, қоғам қайраткері Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллиннің 70 жасқа толуына арналған «Қалам – тағдыр, шындық – мұрат» атты кездесу кеші өтті.

         Кештің шымылдығын Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Абибеков Бауыржан Бақытұлы ашып, мерейтой иесінің ел мен ұлт руханияты жолындағы еселі еңбегін ерекше атап өтті. Бигелді Қайырдосұлының журналистика мен әдебиеттегі, қоғамдық өмірдегі парасатты жолы жас ұрпаққа үлгі екенін тебірене жеткізді.

         Кеш аясында сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Әміре Әрін де қалам иесінің ел руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін толғана сөз етті. Ол Бигелді Қайырдосұлының шығармашылығындағы шындық пен әділет жолындағы табандылығын, ұлттық мүддеге деген адалдығын жоғары бағалап, бұл қасиеттер бүгінгі жас буын үшін үлкен мектеп екенін жеткізді.

         Сондай-ақ, кездесуде Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт және «Janr» әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын сөз сөйлеп, мерейтой иесінің өмір жолы мен ел үшін атқарған игі істеріне тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

         Кеш соңында Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның талантты әншілері, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздіктері Бейбіт Мұсаев пен Арафат Ысқақов өз өнерлерін тарту етті. Бейбіт Мұсаевтың орындауындағы «Шашбаулым» әні мен Арафат Ысқақовтың «Жетісу» әні кештің көркін келтіріп, тыңдарманның көңілін тербетті.

         «Қалам – тағдыр, шындық – мұрат» атты бұл кеш – қалам иесінің елеулі еңбегін елеп, рухани қазынаны ұлықтаған мазмұнды әрі тағылымды басқосу болды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика