Жаңалықтар

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениетім – мақтанышым» атты кітап көрмесі өтті.

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениетім – мақтанышым» атты кітап көрмесі өтті.
Уақыты: 21.05.2025
Оқылды: 28

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Мәдениетім – мақтанышым» атты кітап көрмесі өтті.

           Мәдениет - ұлттың бет - бейнесі, рухани байлығы мен тұтастығының тірегі. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы, өнері, әдебиеті мен дәстүрі - бүгінгі ұрпақ үшін өшпес мұра, баға жетпес қазына.

           Көрмеге қойылған әдебиеттер қатары қазақтың ақын - жазушыларының шығармаларымен, ұлттық өнер мен музыка, салт - дәстүр, тарих ғылымдары мен этнографияға байланысты құнды кітаптармен қамтылды. Көрмеге қойылған кітаптар  арқылы оқырмандар қазақ мәдениетінің тереңіне бойлап, рухани әлеммен етене жақын таныса алды.

           Кітап көрмесі  №29 орта мектеп лицей оқушыларына таныстырылды. Оқушылар көрме арқылы ұлттық мәдениетімізді тереңірек танып, рухани байлықпен сусындап қайтты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика