Жаңалықтар

2025 жылдың 22 маусымында Жетісу облыстық Б. Римова атындағы драма театрында 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

2025 жылдың 22 маусымында Жетісу облыстық Б. Римова атындағы драма театрында 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
Уақыты: 22.05.2025
Оқылды: 21

Іс-шара барысында облыстың мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлері мен мекемелері марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен Сарқан аудандық кітапханасының библиографы Кулымбетова Лаура Турганбаевна марапатталды.

         Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасына Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Нургалиева Шара Абдынуровна ие болды.

Сондай-ақ, Жетісу облысы әкімінің Алғыс хаты Текелі қалалық кітапханасының кітапханашысы Житникова Елена Викторовнаға табысталды.

Бұған қоса, кітапхана саласындағы ерекше жетістіктері үшін арнайы номинациялар бойынша марапаттар табысталды: «Үздік кітапхана» номинациясы бойынша Көксу аудандық кітапханасы үздік деп танылса,

«Үздік кітапхана қызметкері» номинациясы Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ешенова Ғалия Самиғұлқызы марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика