Жаңалықтар

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тар жол тайғақ кешкен» атты ашық аспан астында кітап көрмесі өтті.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тар жол тайғақ кешкен» атты ашық аспан астында кітап көрмесі өтті.
Уақыты: 30.05.2025
Оқылды: 14

30 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай   «Тар жол тайғақ кешкен» атты ашық аспан астында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – жастардың санасына, келешек ұрпаққа дәуірдің қайшылықты болмысын жеткізу, қиыншылыққа ұшыраған адамдардың рухани төзімділікпен ертеңгі күнге деген сенімділігін ұғындыру. Өздері іргетасын қалаған қоғамның бет-бейнесін ашу.

Көрмеге «Алаш қозғалысы», «Жетісулық Алаш зиялылары», «Жетісудағы Алаш мектебі», «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары 20 ғасырдың 20-50 жылдары» кітабы, «Алашорда ісі» көп томдық кітабы және т.б.кітаптар қойылды.

Оқырмандар көрмеге қойылған кітаптардағы деректермен танысып, өз ойларын білдірді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика