Жаңалықтар
«Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тұлғатану сағаты

Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тұлғатану сағаты өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылымдағы орнын таныстырып, философия, математика, музыка, логика сияқты түрлі салалардағы еңбектері жайында кеңінен баяндады. Оқырмандар Әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі, ғылыми ой-тұжырымдары және оның «Екінші ұстаз» атануының мәні туралы мол мағлұмат алды.
Шараға бөлімнің тұрақты оқырмандары қатысты. Қатысушылар іс-шарадан рухани әсер алып, ғалымның даналығы мен білімге деген құштарлығын ерекше ықыласпен қабылдады.