Жаңалықтар
«Терроризмге қарсы күрес туралы» виртуалды көрме

Назарларыңызға «Терроризмге қарсы күрес туралы» виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.
Экстремизм мен терроризммен күрес бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Жыл сайын террористік топтардың саны артып келеді. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына балта шаба аламыз.
Көрмеге «Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің ролі», «Терроризм: шындық пен шырғалаң», «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы», «У терроризма нет лица», «Терроризм любимое детище ЦРУ» т.б. кітаптар қойылды.