Жаңалықтар

Кешкі кітапхана жобасы аясында «Жұмысшылар мамандықтар жылына» орай «Еңбек адамы – елдің байлығы» атты шара өтті.

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне, сондай-ақ 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай, 18 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Еңбек адамы – елдің байлығы» атты шара өтті. Аталған кеш – елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарына арналды. Себебі еңбек – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Адал еңбек арқылы адам тек жеке армандарына ғана қол жеткізіп қоймай, елінің өсіп-өркендеуіне де өзіндік үлесін қосады. Іс-шара барысында «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені кітапханашы Тұрсынханова Ажар таныстырып, көрмеге қойылған кітаптар мен басылымдар жайлы мазмұнды ақпарат берді. Шара барысында «Көңілді күн, мықты ұжым» атты бейнеролик көрсетіліп, онда түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандардың күнделікті жұмысы мен жетістіктері көрермен назарына ұсынылды....
Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.04.2025

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында салтанатты шара өтті

2025 жылғы 17 сәуір күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Бұлдыбай Анарбай Сағиұлының қатысуымен «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі бастама аясында кітапхана қорына кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы өткізілді. Шараның мақсаты – қоғамда кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтыру болып табылады. Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы кітапхана қорына өзінің ғылыми және көркем шығармаларын, сондай-ақ бірқатар құнды әдебиеттерді тарту етті. Салтанатты іс-шараға әдебиет және мәдениет саласының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы...
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.04.2025

23 сәуір – «Ұлттық кітап күніне» орай «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап апталығының ашылу салтанаты өтті.

«Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу». Бұл Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының сөзі. Ол Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан Республикасында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, елімізде атаулы күндердің тізбесі тағы бір мерекемен толықты. Яғни, 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» болып белгіленді. Осыған орай 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай 16-23 сәуір күндері аралығында кітап апталығын өткізу шараларының жоспары әзірленіп, 16 сәуірде ашылу мерекесі өтті. Шараны Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова құттықтау сөзімен ашып, ұлттың рухани тірегі – кітап екенін және бүгінгі шара сол құндылықты насихаттау жолындағы маңызды қадам екенін айтып өтті. Сондай-ақ жазушы, журналист, Жетісу «Janr» әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын және облыстың ақын-жазушылары сөз сөйлеп, кітап – адамның жан-дүниесіні...
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.04.2025

«Сезім мүшелері арқылы әлемді тану» атты инклюзивті тренинг

Сервис және технология колледжінің жатақханасында ерекше форматтағы инклюзивті тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны «A&A: IT-services & Education» ұйымы мен Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашылары бірлесе өткізді. Тренингке колледж студенттері белсене қатысып, көру қабілеті шектеулі жандардың әлемді қалай сезінетінін түсінуге мүмкіндік алды. Іс-шараның басты мақсаты – қатысушыларға сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдаудың маңыздылығын көрсету, көру қабілеті шектеулі жандардың әлемді қалай қабылдайтынын түсіндіру және эмпатияны дамыту. Тренинг үш кезеңнен тұрды: 1-кезең: Суреттегі екі бейнені табу Қатысушыларға көру арқылы берілген суреттерден жасырын бейнелерді табу тапсырылды. Бұл кезең зейін мен байқағыштықты арттыруға бағытталды. 2-кезең: Дыбыстарды тыңдап, есте сақтау Түрлі дыбыстарды тыңдау арқылы олардың айырмашылықтарын анықтау, әрі сол...
Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.04.2025

«Ғылым – ғажайып әлем» атты танымдық сағат

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараны бөлім меңгерушісі Гаухар Скабаевна өткізіп, қатысушыларға отандық ғылымның дамуы, қазақстандық ғалымдардың жетістіктері мен ғылымның қоғамдағы маңызы туралы мазмұнды ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар, елімізге еңбегі сіңген белгілі ғалымдардың өмір жолы мен ғылыми жаңалықтары жайлы қызықты деректермен бөлісті. Шара танымды, әсерлі өтіп, тыңдаушылар тарапынан ерекше қызығушылық пен белсенділік байқалды.
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.04.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика