Жаңалықтар

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы» атты әдеби кеш өтті

17 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы» әдеби кеші өтті. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп жырлаған белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін. Шара барысы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, кітапханашы Фатима Бектемисова «Қазақтың дана - Қадыры» атты кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Сондай – ақ Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің оқушылары Қа...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.01.2025

Кедергісіз болашақ аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті. Сабақ барысында Арнайы экрандық және дауыстық қосымша «Jaws for windows» және Брайль дисплейі туралы ақпарат берілді. Қатысушы Смагулова Шырынгуль компьютерде файл ашу, сақтау, редакциялау сияқты арнайы командаларды қолдануды үйренді.Сондай-ақ өзі мәтін теріп, оны дауыстық қосымша арқылы тексерді.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.01.2025

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлы тұлғаның өнердегі орны» атты ақпараттық сағат.

14 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлы тұлғаның өнердегі орны» атты ақпараттық сағат өтті. Болашақ өнер қайраткерінің бала кездегі арманы тек оқу болды. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа – тұс келуі, тағдыр ол кісіні ерте есейтті. 1950 жылы Алматыдағы өнер институтына түсіп, еңбек жолы сол оқу ордасынан бастау алған өнер қайраткері зиялы қауымдардың ортасында шыңдалып тұлға болып қалыптасты. Шара барысында өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің өмір өткелдеріндегі еліне, халқына қалтқысыз адал еңбегімен еленуі, зияткерлігі жайлы «Тау тұлғалы қайраткер» атты баяндама арқылы оқырмандарға толық ақпарат берілді. Қайраткер қандай жетістікке жетсе де халқын өзінен жоғары қоя білді. Ол кісінің нағыз кемелденген шағы 1970-1980 жылдардағы атқарған мәдениет министрі болып қызмет атқарған кезеңдер болды. Осы жылдарда халықтың игілігіне а...
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.01.2025

«Өлең – өнер пернесі» атты әдеби танымдық сағат өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Мырза-Әлі Қадыр, Қазақстанның халық жазушысының туғанына 90 жыл толуына орай «Өлең – өнер пернесі» атты әдеби танымдық сағат өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиет зерттеушісі Мырза-Әлі Қадырдың шығармашылығына арналды. Ақынның әдеби мұрасы, оның поэзиясындағы терең ой мен ұлттың рухани байлығын дәріптеудегі рөлі туралы сөз қозғалды. Қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, оның еңбектерінен үзінділер оқылды. Шараның мақсаты — зағип және нашар көретін азаматтар үшін әдебиет әлемін ашып, олардың мәдени дамуына ықпал ету. Іс-шараға қатысушылар әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, ақынның шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің баға жетпес мұрасымен танысты. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда Мырза-Әлі Қадыраның шығармалары мен оның әдеби мұрасы туралы басқа да материалдар ұсынылды.
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.01.2025

«Алаштың алып тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 25 желтоқсан күні Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай «Алаштың алып тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті. Мұстафа Шоқай - патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Түркістанда құрылған Мұсылман орталығының тұңғыш басшысы. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Шара барысында оқушыларға Мұстафа Шоқай туралы ақпарат берілді. Оқушылар арасында сұрақ-жауап қойылып, «Дәуір даналары.Мұстафа Шоқай» атты деректі фильм көрсетілді. Дөңгелек үстелге №4 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Орманбеков Еламан Серікұлы мен 9 сынып оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.12.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика