Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың батыры, ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні» атты тарихи сағат өтті.
Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы қазақ батыры Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны мен шығармалары жайлы айтып, ақынның «Жыр жебе», «Жорық жырлары», «Ұлы Арман», «Айналайын Ақ Жайық» атты кітаптары қойылып, таныстырылды. Сонымен қатар Махамбет Өтемісұлы патша үкіметінің отарлау саясатынан өзінің өлеңдері арқылы жеткізгенін, халықтың мұң-мұқтажын жырларына арқау еткен ақындығы жайлы атап айтып берді. Махамбет Өтемісұлы күйші ретінде де танымал, батырдың ел арасында «Қайран нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық» атты күйлерін және бірнеше өлеңдерін дауыстап оқып берді.
Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен зағип жандар қатысып, Махамбет Өтемісұлының туындыл...
|