Жаңалықтар

Айдын Кәлімханұлының «Қашқын» кітабын талқылау сағаты өтті

Сакен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада 22 қараша күні журналист, жазушы Айдын Кәлімханұлының «Қашқын» кітабын талқылау сағаты өтті. Шара барысында Айдын Кәлімханұлының өмірбаяны мен шығармашылық жолы таныстырылып, ал кітапханашы Фатима Бектемисова «Қашқын» кітабының видеослайдын қорғады. «Қашқын» романында сол 1930 жылдардағы алас- қапас кезеңде дүниеге келіп, жат жердегі жұртының басынан өткен зобалаңдарға куә болған,бала кезінен ата- бабасының атақонысын аңсап жүріп жетілген, ақыры 1960 жылдардағы мәдени төңкеріс кезінде жала жабылып, ұзақ жылдардағы түрмеге жабылған азаматтың қазақ жеріне бірнеше мәрте қашуы, ақыры дегеніне жетуі баяндалады. Шараға арнайы қатысқан Айдын Кәлімханұлына сөз беріліп, оқырмандар тарапынан қызықты сұрақтар қойылды. «Қашқын» кітабы «Алтын қалам 2018» байқауында «Жылдың үздік романы» атанып, Есенқұл Маманов атындағы бас жүлдені жеңіп алды. Шара соңында Барлыбек Сырттан...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.11.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда! Қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын-жазушы Сансызбай Құрметбек Сансызбайұлы кітапханамыздың қорына «Өмір әркімнің өз-ұстазы!» атты барлығы 2 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.11.2024

Қазақтың батыры Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Ұлы даланың батыры» атты шежірелерді дауыстап оқу сағаты өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың батыры Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Ұлы даланың батыры» атты шежірелерді дауыстап оқу сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы Өтеген батырдың өмірі мен ол жайлы аңыздармен таныстырып, «Ұлы дала батыры» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ Өтеген батыр жөнінде ел аузында аңызға бергісіз «Мүйізді Өтеген атануы», «Өтегеннің Абылайды сынауы», «Өтегеннің қарызды қайтаруы» атты әңгімелерін ауызша айтып берді. Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.11.2024

Қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Шұғаның белгісі» әңгімесін талқылауы өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Шұғаның белгісі» әңгімесін талқылауы өтті. Кеш барысында, аталмыш қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы бейнетаспада Бейімбет Майлин ақын, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі екендігі айтылды. Сонымен қатар, кітап көрмесінде «Азамат Азаматыч», «Шұғаның белгісі» сынды кітаптары мен көп томдық шығармалар жиынтығы таныстырылды. «Өмір жолы» атты бейнетаспа көрсетіліп, «Шұғаның белгісі» туындысына талдау жүргізілді. Шараға Innoverse мектебі мен Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының оқушылары қатысып, Бейімбет Майлиннің туындыларына қанық болып, терең ой түйіп қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.11.2024

«Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» ақпараттық сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» ақпараттық сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов оқырмандарға ұлттық валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі мен түрлену тарихымен таныстырылды. Ең алғашқы теңгемізді қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесін бейнеленгенін еске сала отыра, бүгін ұлттық валютаның айналымға енгеніне 31 жыл болғаны туралы айтылды.
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.11.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика