Жаңалықтар

«Бердібек балалардың қамқоршысы» атты кездесу кеші өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай «Бердібек балалардың қамқоршысы» атты оқушылармен кездесу кешін өткізді. Шараға № 19 мектеп гимназиясының 7 «б» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында: кітапханашы Рауан Нұрланов балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың қысқаша өмірбаянын айта келе «Балалар әдебиетінің классигі» атты кітап көрмесімен таныстырып, жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жүргізді. Сонымен қатар жазушының озық туындыларының бірі «Менің атым Қожа» повесін оқушылармен бірге талқылап. автордың кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» «Аяжан» атты әңгімелерін оқуға кеңес берді.
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.09.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда! Зерттеуші, жас ғалым Ерден Нұрахмет кітапханамыздың қорына «Шоңай батыр» атты барлығы 4 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.09.2024

«Талантты композитор» атты өнер сағаты өтті.

Бүгін, Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында КСРО халық артисі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Талантты композитор» атты өнер сағаты өтті. Шара барысында оқырмандарға композитордың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, композитордың Қазақстанның мәдени өміріне қосқан зор үлесі туралы мағлұмат берілді. Оқырмандарға Сыдық Мұхамеджановтың тамаша әуендері мен әр қырлы шығармашылығы жайлы «Саз әлемнің саңлағы» және «Классикалық күй» атты бейне-ролик көрсетіліп, музыкалық шығармаларымен таныстырылды. Сондай-ақ, композитордың «Әнді сүйсең, менше сүй», «Шолпаным» атты кітаптарына шолу жүргізілді. Өнер сағатына қатысқан Талдықорған қаласының Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларының орындауында,композитордың әуеніне жазылған «Қазақстан туралы ән», «Алматым ғой әсем қала» атты әндері шырқалып, оқырмандарға жақсы көңіл-күй сый...
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.09.2024

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты өткізілді.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты өтті. Шараға 1-2 топ көз мүгедектіктері бар оқырмандар және «Қазақ соқырлар қоғамы» Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорнының қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов жемқорлықтың тамырына балта шабу айтуға оңай, ал жақсы нәтиже үшін әрбір азамат ізгілікке бет бұрғаны абзал екендігін, жемқорлық зиян тигізбесе, пайда әкелмейтіні туралы ақпарат бере келе «Жемқорлық қоғам дерті» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді. Сондай-ақ жемқорлықтың алдын алу жолдары туралы әркім өз ойымен бөлісіп қатысушалар арасында өзара пікір талас туындады. Пікір-талас кезінде сыбайлас жемқорлықтын алдын алу жолы қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық ама...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.09.2024

«Сұлтанбек аға - ағартушы аға» ақпараттық дайджест өтті.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы педагок Сұлтанбек Қожановтың туылғанына 130 жыл толуына орай «Сұлтанбек аға - ағартушы аға» ақпараттық дайджест өтті. Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және 1-ші, 2-ші топ көз мүгедектері қатысты. Шара барысында кітапханашы Айнаш Абейбекова қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың «Ұлт жанашыры Сұлтанбек» атты кітап көрмесіне шолу жүргізіп, өмір – баянымен таныстырып, қоғамдық саяси қызметі, мемлекеттік қайраткерлік еңбегі, оның 1920-1934 жылдар аралығындағы мемлекеттік қызметі туралы тың мұрағат деректермен бөлісті. Сонымен қатар қазақ халқының бостандығы жолында өмірлерін құрбан еткен батыр бабаларымызды әрқашан мақтан тұтып, жадымызда мәңгілік сақтап жүру біздің, яғни кітапхана қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі екендігін айтып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.09.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика