Жаңалықтар

«Отбасы бақыт мекені» кездесу кеші өтті

2024 жылдың 6 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметімен бірлесе отырып ұйымдастырылған отбасы күніне орай «Отбасы бақыт мекені» атты кездесу кеші өтті. Шараға Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлері, 1-полиция батальонының полиция аға сержанты Амангельдинов Бахтияр Ерланұлының және полиция сержанты Мұқатаев Ермек Дүйсенбекұлының отбасылары және кітапхананың тұрақты оқырманы, ұстаз Байгисинова Турсабала немересімен қатысты. Кеш барысы «Отбасы – өмір аясы» атты кітап көрмесімен бастау алып, бейнекөрсетіліммен жалғасты. Сонымен қатар, Байгисинова Турсабала жас отбасыларға жанұя құндылықтарымен бөлісіп, жүрек жарды тілектерін айтып, батасын берді. Келген отбасыларға сұрақтар қойылып, отбасылық өмірдегі қызықты сәттерімен бөлісті. Шара соңында, ұлағатты ұстаз Байгисинова Турсабаланың немересі өлең оқы...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.09.2024

«Отбасы тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кездесу кеші өтті.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде отбасы күніне орай «Отбасы тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кездесу кеші өтті. Шараға 1 –ші топ көз мүгедегі Анатолий Акимовпен жұбайы Тамара Теницкая және тұрақты оқырмандар қатысты. Шара барысында кітапханашы Айнаш Абейбекова «Отбасы шағын мемлекет» атты кітап көрмесімен таныстырып, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасылардың бірі, 1 –ші топ көз мүгедегі Анатолий Акимов және жұбайы Тамара Теницкаядан отбасы жайлы сұхбат алынды. Шара соңында, оқырмандар қонақтарға өз сұрақтарын қойып, отбасы – шағын мемлекет, ол - тәлім мен тәрбиенің , үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы екендігі, адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасынан бастау алатындығы және де әке мен ана- шаңырақтың тірегі болатындығын айтып, оқырмандарға кеңінен баяндады.
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.09.2024

«Тіл ұлттың мерейі» тақырыбында ақпараттық сағат өтті

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Тіл ұлттың мерейі» атты ақпарат сағаты өтті. Мерекелік шараға Талдықорған қаласының «Білім инновациялық колледжінің 1 курс студенттері қатысып, тіл тарихы жайында ақпарат алып, кітап көрмесімен танысып, бейнеролик тамашалады. Мереке Тәуелсіз Қазақстанда 1998 жылы қабылданды және бастапқыда қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілген. 2017 жылы Тілдер күні мерекесін атап өту күні өзгертілді, оны көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырды. Мерекелік күндер тізімінде бұл күн 5 қыркүйек деп белгіленген.
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.09.2024

Халықаралық қайырымдылық күніне орай, қарттар мен мүгедектердің үйіне көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім 5 қыркүйек –Халықаралық қайырымдылық күніне орай, қарттар мен мүгедектердің үйіне көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды. Осыған орай мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім қызметкерлері: Гаухар Таукебаева, Айнаш Абейбекова зағип жандардың, 1-ші топ көз мүгедектері Шырынгүл Смагулова, Гүлшари Касейнованың үйлерінде еден тазалау, сыпыру мен аулаларын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Мұндағы басты ниетіміз – көмекке мұқтаж қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беріп, көмектесіп, зағип жандардың аз да болсын, көңілдерін аулап, жүздеріне қуаныш сыйлау.
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.09.2024

«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты ашық есік күні өтті

3 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында білім күніне орай «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне қатысқан «Unnoverse High School» жекеменшік мектебінің оқушыларына кітапхана құрылымы жақын таныстырылып, кітап көрмелері ұсынылды. «Тұғыры биік – тұлғалар» мерейтой иелеріне арналған және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясындағы қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптары, «Жетісуым-жұмақ мекен» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптар көрмесі таныстырылды. Кітапхана тынысымен танысқан оқушылар, кітапханаға тіркеліп, ұнатқан кітаптарын оқуға алды.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.09.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика