Жаңалықтар

«Үздік жас кітапханашы-2024» облыстық байқауы өтті

2024 жылдың 21 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында мамандықтың беделін арттырып, кәсіби құзіреттілігі мен шеберлігін дамыту мақсатында «Үздік жас кітапханашы-2024» облыстық байқау өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең: «Кітапханашы келбеті» бейнетаныстырылым 2 кезең: Жоба, бейнепортфолио 3 кезең: Шығармашылық қойылым 4 кезең: Тақырыптық эссе жазу Байқауға 8 аудан, 2 қала кітапханаларынан 10 кітапханашы қатысып, жас маман ретінде шығармашылық ізденістерін өз шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін «Үздік жас кітапханашысы-2024» облыстық байқауының І дәрежелі дипломымен Көксу ауданы Амангелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бекбатыр Малика, ІІ дәрежелі дипломымен Қаратал аудандық кітапханасының кітапханашысы Апарбаева Айнұр, ІІІ дәрежелі дипломымен Алакөл ауданы Үшбұлақ ауылдық кітапханасының ктапханашысы Есебаева Мадина ма...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.08.2024

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім мен клуб мүшелерімен бірлесіп, спорт күніне орай «Күн тәртібі мен еңбек – денсаулықтың кепілі» атты спорт сайысы өтті

Шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, спорт түрінің тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, ойындары арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің спорт методисі Биғайша Уразжанова мен бөлім меңгерушісі Гаухар Таукебаева спорт күніне арнарған шараны ашып, тамыз айының әр үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтілетінін, қазақтың ұлттық ойындары : қол күрес, бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, тоғысқұмалақ ұлттық күрес түрлерін атап айтып кетті. Сонымен қатар зағип жандар арасында шахмат, шашки және тоғыз құмалақтан жарыс өтті. Жарысқа 9 адам қатысты. Турнирдің нәтижесі анықталып, жүлделі орынға ие болған қоғам мүшелері дипломмен және сыйлықтармен марапатталды. Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, салқын қандылықты, терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты екенін айта кету артық емес.
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.08.2024

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті

Жаһандық білім алудың биік шыңы ұлттық руханиятымызды асқақтатып, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны бүгінгі ұрпаққа жеткізу.Жастардың бойына Отансүйгіштікті ұялату және патриоттық сезімін ояту Абайдың шығармаларын оқытудан басталғаны жөн. Осындай мақсатта бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті. Байқау үш номинация бойынша өткізілді. Атап айтқанда, «Абайдың қара сөздері» (Абайдың қара сөздері жатқа, мәнерлеп оқу), «Абай үні, Абай лебі» (А.Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу), «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» (Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу). Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру, әрі елімізд...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.08.2024

Пышан Жәлмендеұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Дүние, шіркін, өтеді бір күн» атты библиографиялық шолу өтті

19 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында – ақын, композитор Пышан Жәлмендеұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Дүние, шіркін, өтеді бір күн» атты библиографиялық шолу өтті. Шара барысы Пышан Жәлмендеұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқырмандарға кеңінен ақпарат беріліп, кітаптарына библиографиялық шолу жүргізілді. Көрмеге Пышан Жәлмендеұлының өмірі мен шығармашылығы жайында кітаптар, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар атап айтқанда: Ысқабай ӘлиӘпекұлы. Жәлменде–Пышан: пьесалар мен әңгімелері., Қараман Қараша. Қасиетті Қаратал: тарихи-танымдық деректі кітап., Жетісу ақындарының жыр сарындары: Нотаға түсірген таспасы., Қожамқұл Жұмахан: Жәлменде бидің беделі – Жетісу газеті., Қасымбеков Санат: Дауда сағы сынбаған Пышан болыс - Алатау газеті және тағы басқа мақалалар қойылды.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.08.2024

«Салауатты салт - өмір сәні» атты денсаулық сағаты өтті

2024 жылдың 16 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында спорт күніне орай «Салауатты салт – өмір сәні» атты денсаулық сағаты өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» 1998 жылғы, қаңтардың 20-сындағы №3827 Жарлығына сәйкес тамыздың әрбір үшінші жексенбісі дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі - Спорт күні болып аталып өтіледі. Спорт - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Денсаулық сағатында кітапхана қызметкерлері спорттық жаттығулар жасап ,кітапхан...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.08.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика